Лимон мен шабдалы қосылған кекс

0
Лимон шабдалы кексі

Лимон шабдалы кексі

Бізге қажет болады:

— 200 гр жұмсартылған сары май
— 1 стакан қант
— 1 жұмыртқа
— 1 лимон цедрасы мен шырыны
— 2 стакан ұн
— разрыхлитель
— ванилин
— 3 шабдалы

Жұмсартылған май мен қант араластырып миксерлеңіз. Кезек кезегімен жұмыртқа, ванилин, лимон цедра мен шырынын, разрыхлитель қосылған ұн қосып, араластырыңыз. Бір шабдалыны майда төртбұрыштарға тұраңыз. Қамырға қосып араластырыңыз. Қалған екеуін жұқалап жарты шеңбер етіп тұраңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқа біркелкі етіп төгіңіз. Үстін шабдалылармен сәндеп, 220С ыстықта пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz