Айва қосылған кекс әзірлеу

0
айва қосылған кекс

айва қосылған кекс

Бізге қажет болады:

— 200 гр сары май
— 3 жұмыртқа
— 1 стакан жылы сүт
— 1 стакан қант
— 1,5 (2) стакан ұн
— разрыхлитель
— ванилин
— 4 айва
— корица
— 2 ас қасық лимон суы
— 2 стакан су

Айваларды аршып жұқалап тілімдеңіз. Суға лимон суын қосып, соның ішінде тұралған айваларды салып пісіріңіз. Піскен айваларды сүзіп алып, корица мен кішкене ғана қант қосып суытыңыз.

Сары майды ағарғанша миксерлеңіз. Шамамен 5 минут. Қант қосып, қант толығымен ерігенше миксерлеңіз – тағы 5-7 минут. Жұмыртқаларды біртіндеп қосып араластырыңыз. Сүтті қосыңыз. Еленген ұн мен разрыхлительді + ванилинді бөлек ыдыста араластырыңыз. Бәрін араластырып кекс қоюлығында қамыр жасаңыз.

Пісіретін форманы майлап аздап ұн себелеңіз. Айва тілімдерін әдемілеп тізіңіз, оның үстіне қамырдың жартысын төгіңіз да, қалған айваларды тізіңіз. Қалған қамырды үстіне төгіп, 190-200С духовкада үсті қызарып піскенге дейін ұстаңыз. Піскен кексті кем дегенде 30 минут формадан шығармай суытыңыз. Сервис жасар алдында кексті теріс төңкеріңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz