Фаршталған кәділер тағамын жасайық

0
фаршталған кәділер, фарш, фарштан тағам, фарш ас, фарш туралы

фаршталған кәділер, фарш, фарштан тағам, фарш ас, фарш туралы

Фаршталған кәділердің басқа атауы да “карниярык” (түрк.) Жасалынуы машақатты көрінгенімен, тағамды 20-ақ минутта (+40 минут духовкада) жасауға болады.

— 4 кәді
— 500 гр майсыз фарш
— 1 үлкен пияз
— қалауыңызша: сәбіз, болгар бұрышы
— 2 үлкен қызанақ
— 1 түйір сарымсақ
— 2 ас қасық томат
— 1,5 стакан қайнаған су

Кәділерді аласа аршып, екіге бөліңіз. Аз майланған табада кәділердің екі бетін қызартыңыз. Іші жұмсаған кезде, қағаз майлыққа түсіріп алыңыз. Енді табаға майдалап туралған пияз бен фаршты қуырып алыңыз. Қызанақтарды қайнаған суда 2-3 минут ұстап, қабығын аршыңыз. Майдалап туралған сарымсақпен араластырыңыз. Кәділерді пісіретін ыдысыңызға тізіп, ортасын шаңышқымен ашыңыз. Ортасына дайын фарш пен қызанақ қоспасын қойыңыз. Енді 1,5 стақан қайнаған суда 2 қасық томат ерітіп, кәділердің үстіне құйыңыз да, 220С ыстық пеште су азайғанға дейін пісіріңіз.

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz