Сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

0
Жаңғақ кекс дайындау

Жаңғақ кекс дайындау

Бізге қажет болады:

— жарты стакан қант
— жарты стакан қант пудрасы
— 3 жұмыртқа
— 100 гр сары май
— жарты ш.қ. разрыхлитель
— 1-1,5 стакан ұн
— 1 үлкен сәбіз
— 5-6 үлкен жаңғақ
— 1 лимон цедрасы
— жарты лимон суы

Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz