Қызыл апельсин қосылған кекс

0
апельсин кекс

апельсин кекс

Бізге қажет болады:

  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант пудрасы
  • 150 гр сары май
  • 1 ш.қ. разрыхлитель
  • жарты стакан жаңғақ
  • қызыл апельсин

Жұмыртқаларды қант пудрасымен жақсылап араластырыңыз. Жұмсарып қалған майды қосыңыз. Тағы да араластырып, ішіне ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Осы сәтте қамыр қоюлау болады (печенье қамыры сияқты). Ішіне апельсин етін салып қосқаннан кейін қамыр керек сұйықтықта бола қалады. Ең соныңда үгітілген жаңғақтарды қосыңыз. Қамырды майланған ыдысқа қойып, 180С үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Үстіне қалауыңыз бойынша қант пудрасын сепсеңіз болады. Асыңыз дәмді болсын.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz