Сәбіз қосылған кекс жасау

0
Сәбіз кекс

Сәбіз кекс

Бізге қажет болады:

  • 3 сәбіз
  • 200 гр қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200-300 гр ұн
  • разрыхлитель
  • 200 гр сары май
  • жарты лимон суы
  • кокос талшығы

Алдыменен сары май мен қантты араластырыңыз. Қант толықтай еруі тиіс. Енді жұмыртқаларды қосып тағы араластырыңыз. Ұн мен разрызлительді араластырып, негізгі қоспаға қосып, қасықпен араластырыңыз. Шикі сәбіздерді майда үккіштен өткізіп қамырға қосыңыз. Ең соныңда лимон суын және талғамға қарай кокос талшығын қосыңыз. Ыдысты майлап, түбіне аздап кокос талшығын сеуіп қамыр құйыңыз. Енді 180C ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz