Үй жағдайында пицца дайындау

40

IMG_6354 (Large)

Пиццаның қамырын дайындау үшін:

  • Ұн – 1 стақан (200 мл)
  • Ашықты – 2 шәй қасық
  • Су – 10 ас қасық
  • Тұз – 0,5 шәй қасық
  • Сұйық май – 0,5 ас қасық

Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз.

20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.

Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.

Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз.

IMG_6309 (Large)

IMG_6313 (Large)

Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз.

IMG_6318 (Large)

IMG_6326 (Large)

IMG_6332 (Large)

Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз.

IMG_6335 (Large)

IMG_6353 (Large)Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын ^_^

Дайындаған: RakishevaA

40 КОММЕНТАРИИ

  1. SALEMETSIZDERME? MEN OSY PIZZANI KALAI DAIYNDAU KEREK EKENIN IZDEGEN EDIM. SIZGE RAKHMET ULKEN !!! MENIN REPERTURYMDAGY TAMAKTARDYN KATARYNA PIZZADA KOSYLDY!

    • Рецепт ұнағанына өте қуаныштымын Жазира 🙂 Бізге өзіңіздің сүйіп жасайтын тағамдарыңызды жіберіп, Аспаз сайтының жазушы-аспаздарының қатарына қосылсаңыз өте қуанышты болар едік 🙂

      • салеметсиздерме!пицца жасау рецептсн жазган адамдарга улкен рахмет.аспаз сайтын биринши коруим!енди жи! жи! к!р!п отырамын

  2. сiзге рахмет. Маған осы пицца ресептi қатты ұнады. Жане менiң пиццам өте дамдi болды.

  3. RakishevaA осы пицца рецептіңіз жақсы екен, өзімде пісіріп көрдім өте дәмді шықты))))

  4. Салеметсизбе,пешке канша градуска 25 минутка писиру керек?

  5. рецепт жаксы екен маган унады ертен жасап корем сосын калай болганын жазамын ))) казыр сабак оку керек…..

  6. Сиздин рецептиниз тез жатталып,онай жасалады екен!Рахмет!

    • Қамырдың үстіне майонез, кетчуптен өзге кез келген соус немесе тұздалған (немесе кәдімгі свежий) қызанақ, қиярдың суы (көлеміне қаратай 2-3 қасық) сынды сұйықтықтарды қоссаңыз болады. Ол пиццаның “сочный” болуына әсер етеді.

  7. Салеееем,кыздар!коп коп рахмет сизге мен писирип уйренип жатырмын кеше пирог бугин пицца )))кеше пирог дамди шыкты турмыска дайындык )))сизге тагы да рахмет!

    • Адина, жалпы дұрыс піскен пиццаның қамыры жұп-жұмсақ және шетінде қалатын қалыңдау бөлігі тістеген кезде бұжырқай (кәдімгі көтерілген нан сияқты іші) болып тұруы қажет. Қанша жасасам да 1 сағатқа қойып көрмеппін. Әрдайым екі сағатын күтіп барып жасаймын. Өйткені ол қамырдың көтерілуіне себепші. Уақыт тығыз болса бір сағатқа қойып көр. Қандай болып шығатының нақты айта алмаймын…

  8. Салеметсиз бе?! Пиццанын рецепин окыдым. Енди казир сол пиццаны жасаймын:) . Бурын оз ойымша жасайтынмын 1*2 рет истегем бирак онша болмады. Бул жолы пиццам дамди болса екен деп умиттенемин;)

  9. Пиццанын бетине коконiстер салганда бурыш приправа да салу керекпа или керек емеспа? Кейбир пицаларды жегенде кара бурыш боладыго бетiнде…

  10. Кандай сыр косуга болады. Себеби кейбир сырлар еримейди. Мумкиндик болса сырдын атауын жазсаныз

  11. мен жасап кордим камыры жука и кытырлак болып калды сонда неге

  12. Куштттттиииииии)) міндетті түрде жасаймын))) рахмет көп

  13. Салем камирдин устине томатпен маиенезди катар жагуга болама

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here