Болоньез соус қосылған спагетти жасаймыз.

0
болоньез соус, спагетти, спагетти жасау

болоньез соус, спагетти, спагетти жасау

— 250 гр фарш
— 4 қызанақ
— 1 пияз
— 1 ас қасық томат
— 1 пакет спагетти

Спагетти мен балоньез соусын бір уақытта пісірсеңіз, екеуін де ыстықтай ұсына аласыз. Сондықтан алдымен спагетти үшін тұзды су қайнатыңыз. Бөлек табада пиязды майдалап тураңыз да майға қуырыңыз. Фарш қосып, тұздаңыз. Томат қосыңыз. Осы уақытта спагетти үшін қойған суыңыз қайнауы керек – спагеттилерді қайнатыңыз. Қызанақтарды 1-2 минуттай қайнаған ыстық суда ұстап, қабығын аршып тураңыз. Қызанақтарды табаға қойып бәрін жақсылап қуырыңыз. Табаға спагетти қайнатқан судан 1 ожаудай қоссаңыз дәмдірек болады. Артық суды төгіп спагеттиге қалаған майдан қосып араластырыңыз. Үстінен соус қойып, ыстықтай сервис жасаңыз.

aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz