Алма-сүзбелі бәліш жасау

3
алма бәліш, бәліш дайындау

img_2982

Бізге қажет болады:

— 500 гр сүзбе
— толтырмай 1 стакан қант
— 1 алма
— 3 жұмыртқа
— 1 стакандай ұн
— 100 гр сары май
— 50 гр қант пудрасы
— 0,5 ш.қ. разрыхлитель

Жұмсарған майды ұн + разрыхлитель + қант пудрасын араластырыңыз. Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығуы керек. Бір ыдыста сүзбе + қант + жұмыртқаларды араластырыңыз. Алманы аршып, төртбұрыштап тураңыз. Форманы майлап, түбіне қамырды қойып тегістеңіз. Осы кезде қамырдың барлығын қолдансаңыз болады, немесе мен сияқты, бір бөлігін үстін сәндеу үшін қалдырсаңыз да болады (бәліштің ең үстіне қамырдан гүл формасын жасап сәндеуге). Енді сүзбелі қоспаны қамырдың үстіне төгіп тегістеңіз. Алмаларды қант пудрасына малып, сүзбелі қоспаның ішіне қойып шығыңыз (кей алмалар өз ауырлығымен батуы мүмкін, еш қам жемеңіз – толығымен түбіне түсіп қалмайды). Енді алдын ала қыздырылған духовкаңызды 180С қойып, бәлішті 40-50 минуттай пісіріңіз. (мен бәліштің піскенін үстіндегі қызара бастаған “гүлге” қарап тұрдым). Жақсылап суытып алып ғана формадан шығарыңыз. Асыңыз дәмді болсын.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
Venera

оте керемет

Shugyla

tamasha! Sizderge rahmet.

Балжан

Мен өзім білетін торт,пирогтарды қай жерге кіріп жазам жауап беріңыздерші өтінемін

wpDiscuz