Қаймақ қосылған кремді алма бәліші

3
қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма

қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма

Бізге қажет болады:

Қамырын жасау үшін:

  • 150 гр сары май
  • жарты стакан қаймақ
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 4 алма тілімдері

Крем жасау үшін:

  • 1 стакан қаймақ
  • 5 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. ұн

Жұмсартылған майға қаймақ қосып араластырыңыз. Енді ұн мен разрыхлительді қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Песенье қамырындай болуы тиіс. Пісіретін ыдысыңызды аздап майлап жіберіп, соның ішіне қамырды тегістеп жайыңыз. Алмаларды аршып, жұқалап тілімдеңіз. Алма тілімдерді қамырдың үстіне тізіңіз. Крем үшін: қаймақты қантпен араластырыңыз. Жұмыртқаны, кейіннен ұнды қосып тағы араластырыңыз. Кремді алмалардың үстіне төгіп, біркелкі жайылуына ерекше назар аударыңыз. 180С духовкада бәліштің үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
***********************

керемет колдануга болада

***********************

керемет колдануга болады

Балжан

Керемет,дәмді

wpDiscuz