Лимон қосылған пирог дайындау

1
Лимон пирогын жасау, лиман торты

Лимон пирогын жасау, лиман торты

Бізге қажет болады:

  • 2 саткан ұн
  • 100 гр сары май
  • 3 ас қасық қаймақ
  • 3 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 2 лимон
  • жарты стакан қант

Дайындауға кірісеміз.

Алдыменен ұнды електен өткізіп, жұмсарып тұрған маймен бірге бір ыдысқа қойып, май толығымен ұнмен араласып ұнтақталғанға дейін қолмен езіңіз. Мен “Жайлау” майын қолдандым.

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

3 ас қасық жылы қаймақ қойып араластырыңыз. Қамыр жабыспай тұруы мүмкін, оған назар аудармай ақ қойыңыз. Мен 10% майлылықтағы қаймақ қолдандым. Бірақ одан да майлы қаймақ та жарай береді.

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

Бөлек ыдыста 3 ас қасық қант пен 1 жұмыртқаның ағын араластырыңыз. Осы қоспаны қамырға қосып, араластырыңыз. Жұмсақ қамыр шығуы керек. Қамырдың бетін жауып қойыңыз. Бөлек ыдыста 2 лимонды 25-30 минуттай қайнатыңыз.

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

Осы уақыттан соң лимондардың ішіндегі дәнектерді алып тастап, лимондарды қабығымен бірге майдалап тураңыз. Туралған лимондарға жарты стакан қант қосып араластырыңыз.

Пісіретін ыдысыңызды майлаңыз. Қамырды екіге бөліңіз. Бір бөлігін суреттегідей қабырғаларын биік етіп ыдысқа қойыңыз. Ішіне майдалап туралған лимондарды қасықтап біркелкі етіп қойыңыз.

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

Қамырдың екінші бөлігін лимон турамасының үстіне жауып, шеттерін тегістеңіз. Енді жұмыртқа сарысын пирогтің үстіне жағып шығыңыз. Қосымша ретінде үстіне қант сеуіп қойсаңыз болады.

қамыр илеу, лимон пирогы, лимон торты

Пирогті 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Сәл суытып алып, тураңыз. Ыстықтай да, салқындай да жеген жақсы. Қасына шәй қайнатсаңыз болғаны.

Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
Балжан

Дәмді мен жасап жеп көрдім.Кеңестеріңізге көп-көп рахмет

wpDiscuz