Жеміс бәлішін дайындаймыз

0
жеміс қосылған бәліш

жеміс қосылған бәліш

Бізге қажет болады:

  • 50 гр сары май
  • 2 алма
  • 3 шабдалы
  • 4 ас қасық қант
  • аздап корица
  • 1 тәтті сүт
  • 2 жұмыртқа
  • разрыхлитель
  • 7 ас қасық ұн

Алдыменен табада май ерітіп, қантты қайнатыңыз. Енді қабығы аршылып, төртбұрыштап туралған жемістерді қосып 3 минуттай пісіріңіз. Корица қосыңыз. Астын өшіріп, суытыңыз.  Бөлек ыдыста тәтті сүтке 2 жұмыртқа қосып араластырыңыз. Ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді, форманы майлап, оның ішіне алдыменен жемістерді, жемістердің үстіне де қамырды төгіңіз. 180-200С духовкада 30 минуттай пісіріңіз. Пісіп піспегенін шұқып тексеріңіз. Асыңыз дәмді болсын.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz