Түріктердің дәмді Реваниін жасап үйрену

9
Ревани, тағам Ревани, түрік Ревани

Ревани, тағам Ревани, түрік Ревани

Бізге қажет болады:

— 3 жұмыртқа
— 75 гр қант
— 1 стакан айран
— жарты стакан сүйық май
— 3 ас қасық ұн
— 1 стакан жармақ (ор. манка)
— ванилин
— 1/2 шәй қасығы сода
— 1 пакет разрыхлитель
— жаңғақ

Шырын:
— 1 стакан қант
— 1,5 стакан су
— 3-4 тамшы лимон суы

Шырын үшін су мен қантты араластырып 20 минуттай жәй отта пісіріңіз. Қанттың әсерімен су қоюлана бастаған кезде, лимон суынан тамып, отты өшіріңіз.

Жұмыртқа мен қант жақсылап тұрып миксерленеді. Кем дегенде 4-5 минут. Мен жұмыртқаның өзін ғана 3 минут араластырып, қант қосып тағы 3 минут араластырамын. Айран мен майды қосыңыз. Басқа ыдыста еленген ұн, жармақ, ванилин, сода мен разрыхлитель араластырыңыз. Ұн қоспасын қалған заттарға қосыңыз. Ең соңында майдаланған жаңғақ қосып араластырыңыз. Пісіретін ыдысыңызды майлап, үстіне аздап қант себіңіз да, ревани қамырын төгіңіз. Алдын ала ысытылған 175С духовкада пісіріңіз. Реванидің үстіне біркелкі етіп шырын төгіңіз.

Негізі, ревани ыстық – шырыны суық болуы керек деп жатады. Ревани ішіне қалауыңыз бойынша жаңғақ орнына лимон қабығының ұнтағы немесе басқа да нәрселер қоссаңыз болады.

Отправить ответ

avatar
Жамила Оразбайкызы

қазақша жазғасын толығымен жазсандаршы! мысалы миксерлеу дегенди қазақша айтуга болмайма?

Айнур

миксерлеу дегенди любой адам тусинед,кайта онын казакшасн ешкм ттусинбид

elvira

сіз қалай айтар едіңіз?

Асель

шыныменде кеи создер тусиниксиз

elvira

Келісемін, көп сөздер түсніксіз болуы мүмкін. Оның себептері мына жерде түсіндірілген http://aspazdik.com/faq/

Оқырмандардың қолайлылығы үшін сол жерде кішігірім сөздік те бар

Zhakipbekova Saltanat

Тамаша!!! Оте керемет! Кекске уксап шыга келді. ЖАМИЛА »миксерлеу» карапайым айтканда »араластыру», »шайкау» магынасында беріледі. Казіргі танда электрмен миксерлейтін арнайы апараттар да бар. Миксер соган арналып берілген угым.
Астарыныз дамді болсын!

wpDiscuz