Шырын қосылған рулет жасап үйрену

0
рулет жасап үйрену

рулет жасап үйрену

Бізге қажет болады:

— 4 жұмыртқа
— 1 стакан қант
— 1 стакан ұн
— ванилин
— разрыхлитель
— 2 банан
— 5 ас қасық крем шанти
— жарты стакан сүт

Шырын: 1 стакан суға 1 стакан қант қосып қайнатыңыз

Жұмыртқа мен қантты 15 минут миксерлеңіз. Ұн, разрыхлитель мен ванилин өз бетінше араластырып жұмыртқаға қосыңыз. Жұмыртқаның “көбігің” бастырмай араластырыңыз. Кекс қамырының сұйықтығындай болуы керек. Духовка ыдысыңызға арнайы пленка не болмаса қағаз төсеп, қамырды біркелкі етіп төгіңіз. 200С духовкада 12 минуттан асырмай пісіріңіз. Шығара салып, қағазбен орап рулет жасаңыз. Осы күйінде суытыңыз. Суыған рулетті ашып, қағазды алып тастаңыз да, банан қойып, крем жағып қайта ораңыз. Суыған рулетке суытылған шырын төгіңіз. Рулеттің үстін де креммен сәндеп, қалаған жаңғақтан себіңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz