Шәк-шәктің толық жасалу жолы суретімен

7
татарша шәк-шәк, шәк-шәк, шак шак жасау, шәк шәк жасау

татарша шәк-шәк, шәк-шәк, шак шак жасау, шәк шәк жасау

Той домалақтың сәні шәк-шәктің толық жасалу жолы. Барлық тәттіқұмарларға арналады!

dawdawdawdawd d49879

Шәк-шәк үшін керек заттар өте қарапайым –1 банка тәтті сүт, 3 жұмыртқа, 1 шәй қасықтан сода мен тұз, ұн және қуыру үшін сұйық май.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC9pbWdfMTY1OS5qcGc

Үш жұмыртқаны жарып, тұз бен сода қосып қасықпен араластырыңыз.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC9pbWdfMTY3MC5qcGc

Толтырып 12-13 ас қасық ұн қосыңыз. Әр қасықтан кейін араластырып тұрыңыз.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC9pbWdfMTY3OC5qcGc

Қолға жабыспайтын қамыр илеңіз. Қамырдың үстін жауып 3-4 минутқа қойып қойыңыз. Көрсетілген уақыттан асырмаған жақсы. Қамыр тек жұмыртқаға иленгеннен тез бұзылады.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xLTEuanBn

Аздап ұн сеуіп қойып, қамырды алдыменен қолмен жұқалаңыз.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xLTMuanBn

Мүмкіндігінше жұқа қамыр жайыңыз. Қамырдың астынан көтергенде қол ізі аның көрінетіндей жұқа болу керек.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xNC5qcGc

Енді қамырды оқтауға орап, оқтаудың қақ ортасынан пышақпен кесіңіз (суреттегідей). Осылайша бірдей жуандықта ұзыншалар шығуы керек.
2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xLTIuanBn

Қамырдың астына тақтайшаны қойып жіберіп, көлдененнен тураңыз. Нәтижеде бірдей үлкендікте төртбұрыштар шығу керек.

 

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xLTQuanBn

Табада май қыздырыңыз. Енді жаңағы төртбұрыштарымызды бауырсақ ұқсап жиі асты-үстіне ауыстырып майға қуырыңыз. Май жақсы қызған болса қамыр тез қызарып піседі. Бөлек ыдысқа уақытылы түсіріп тұрмасаңыз – күйіп кетуі мүмкін.

2jmj7l5rSw0yVb-vlWAYkK-YBwk=MjAwOS8wOC8xLTUuanBn

Тәтті сүтті қайнаған ыстық су ішінде 4-5 минуттай жылытып, әлі де жылы шәк-шәкқа құйып араластырыңыз. Осындай шәк-шәкті салқын жерге қойып қатырудың қажеті жоқ, суыған кезде сервис жасай беруіңізге болады. Қалауыңыз бойынша дайын шәк-шәктің үстіне шоколад қиыршықтарын сеуіп қойсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
Aikosha

Шак шак оте дамди болып шыктыыыкоп рахметтттттт

***monsi***

тәтті сүттен бөлек бал қосуға да болады.

бека

сонында татти суттен кейын макты сеуып жыберугеде болады.

Гулбану

2 жумыртка 1ас касык арак косып илеп 10 минут койып койыныз сосын жайып торт бурыш кылып кесениз сосын майды кыздырып писириниз барин писирип болган сон 1 сгущенка косып араластырыныз. Ас дамди болсын

Аяжан

Арактын еш кажети жок

Гули

Туры аракты керек емем

Гули

2 жумыртка , пышак ушында чайный сода салсаныз арак орнына керемет болады, Ас болсын!

wpDiscuz