Дәмді профитерол жасаймыз

2
профитерол жасау, дәмді профитерол,профитерол

профитерол жасау, дәмді профитерол,профитерол

профитерол жасау, дәмді профитерол,профитерол

Бізге қажет болады:

— 1 стакан су
— 100 гр сары май
— 1 стакан ұн
— 3 үлкен жұмыртқа
— аздап тұз

крем үшін:
— жарты стакан сүт
— 2 ас қасық жармақ ұнтағы
— 4 ас қасық тәтті сүт
— ванилин

Кішкентай қазаншық ішінде 1 стакан су + май + тұз қайнатыңыз. Қайнап тұрған майлы суға 1 стакан ұн салып жіберіп, астын басып, үзбестен 2-3 минут араластырып пісіріңіз. Астына жабыспайтын қамыр болуы керек. Астына жабыспай тұрса, артық судын бәрі кетті деген сөз. Бұл маңызды. Қазаншықтың астын өшіріп, суытыңыз. Жылы қамырға кезек кезегімен жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін араластырып тұрыңыз. Қатты қою да емес, сұйық та емес тегіс қамыр шығуы керек. Енді арнайы қағаз үстіне үлкен ас қасықтан қойып, 18-20 шақты эклер жасаңыз. Алдын ала 200С қыздырылған духовкада 25 минут пісіріңіз. Қамыр көтерілді ма? Ондай болса, енді мөлшерді 170 С азайтып, тағы 25 минут пісіріңіз. Эклерлер жеп-жеңіл болып, қағаздан тез алынып тұрса – піскені.

Крем үшін: Сүтке жармақты пісіріңіз. Бөлек ыдыста майды жақсылап миксерлеп, тәтті сүтпен араластырыңыз. Екі қоспаны бір біріне қосыңыз да – креміңіз дайын! Эклерлердің арасына крем жағып, жақындарыңызды шәйға шақыра беріңіз! Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
teachers

керемееет))

Venera

сонда кремди кай уакытта куямыз,25 минутта жартылай писирсек,170 С койганда куямыз ба

wpDiscuz