Тауық еті мен көкөністерді пеште пісіреміз

0
Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру

Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру

Суреттегі пеште піскен тауықтың рецепті бұрын бергенімнен сәл ерекшелеу. Ауызашарға машақаттау болып көрінгенімен, ондай емес. Рет ретімен жазайын:

  • тауық
  • картоп
  • қызанақ
  • пияз
  • болгар бұрышы
  • тұз, ірі қызыл бұрыш
  • аздап зәйтун майы

Алдымен картоптарды аршып, суға жартылай пісіріп аласыз. Сәбізді зәйтун майға 4 минуттай қуырып аласыз, пияз қосып тағы 2 минут қуырыңыз. Енді тауықты бөлшектеп, ыстыққа төзімді шұңғыл ыдысқа қоясыз да, жартылай пісіп туралған картоптармен араластырасыз. Тұздап, бұрыштайсыз. Үстіне пияздарды қойып, оның үстіне де туралған болгар бұрышын тізесіз. Ең соныңда домалақтап туралған қызанақтарды да тузуп, үстіне ешқандай да фольга жаппай 200С ыстық пешке қоясыз. Қызанақтардың түрі өзгере бастаған кезде, тағамының дайын болады.

Мен қасына брокколи пісірдім: ол үшін броколли гүлдерін қайнап тұрған суда 5 минут пісіріп алдым да, аздап лимон суымен араластырып қойдым. Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz