Чех штруделін жасап үйрену

0
чех штруделі,дәмді тағам

чех штруделі,дәмді тағам

Бізге қажет болады.
-150 гр ұн
-60 гр ыстық су
-аздап тұз
-1 ш.қ. лимон шырыны
-60 гр сары май
-50 гр мейіз
-4-5 алма
-30 гр печенье ұнтағы
-корица
-қант пудрасы
Ұнды елеңіз. Суға тұз, лимон шырыны және 2 ас қасық еріген май қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Алмаларды аршып, жұқалап тұраңыз. Мейіздерді суда жібітіп алмаларға қосыңыз. Қамырда өте жұқа етіп жайыңыз. үстін майлап, печенье ұнтағын сеуіп, алма мен мейіздерді тізіңіз. екі шетін бүгіп, рулет етіп ораңыз. Арнайы қағаз төселген ыдысқа штруделді қойып үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дайын штрудельдің үстіне қант пудрасын себіңіз.

п.с.: штрудельдің қасына бір қасық балмұздақ қойып сервис жасауыңызға болады.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz