Карамельді алма жасаймыз

0
қытай алмалары, алма десерт, карамельді алма

қытай алмалары, алма десерт, карамельді алма

Карамельді алмалары  Қытай дәстүрлі десерті болып саналады.

  • 3 ас қасық ұн
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қасық мұздай су
  • 2 алма (үлкен емес)
  • 2 ас қасық кунжут майы
  • кунжут пістесі
  • 3 ас қасық қант
  • қуыру үшін сұйық май

Ұн + жұмыртқа + мұздай су араластырыңыз. Алмаларды аршып, ортасын алып тастаңыз да, орта үлкендіктегі тілімдерге тураңыз. Алмаларға аздап ұн сеуіп,  жұмыртқа қоспасына қосып араластырыңыз. Қоспа алма тілімдерінің барлығына жағылуы керек. Енді сұйық майды жақсылап қыздырыңыз да, алмаларды қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды қағаз майлық үстіне түсіріңіз. Бөлек табаға кунжут майына қант ерітіңіз. Қант толығымен еріген кезде, майға кунжут пістесін, біраздан сон алма тілімдерін қосып араластырыңыз. Бұл десертті ыстықтай жеген жақсы. Қытайлар карамельдің тіске жабыспауы үшін, ыстық алма тілімді алдыменен суға батырып жейді. Ас болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz