Тирамису пудингі

0
десерт, пудинг
десерт, пудинг

десерт, пудинг

Бисквит үшін: 2 жұмыртқаны 0,5 стакан қантпен және 0,5 стакан ұнмен + 1 ш.қ. разрыхлитель + 2 ас қасық какао араластыру керек та, майлы ыдысқа құйып, пісіру керек. Піскен кезде, үстіне 1 стакан қою қайнатылған кофе құйып жіберу керек.

Енді үстіне құйылатын пудинг: 1,5 стакан қант + 1 стакан ұн + 2 ас қасық крахмал + 1 литр сүт + 1 жұмыртқа + 100 гр жұмсартылған сары май = осының бәрін алдыменен миксермен араластырып алу керек та, жәй отқа қойып пісіру керек. Пудинг қою болғанда – піскені. Піскен пудингке 200 гр “плавленный сливочный сыр” қосып жақсылап миксерлеу керек. Бисквиттің үстіне пудинг құйып, үстін тегістеп алып, тоңазытқышқа қою керек. Кем дегенде 1 түн тұрса жақсы. Дайын тирамисуды үстіне какао сеуіп ұсынасыз.

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz