Дәмді балық сорпасы

0
балық сорпасы, балық сорпасын дайындау, дәмді сорпа, балық сорпасы

балық сорпасы, балық сорпасын дайындау, дәмді сорпа, балық сорпасыБізге қажет болады:

  • үлкен ақсерке басы
  • 3 картоп
  • 2 сәбіз
  • 2 пияз
  • 3 лавр жапырғы
  • бүтіндей қара бұрыш
  • 2 ас қасық томат
  • тұз

Ақсерке балығын жуып, көзін ағызыңыз. Салқын суға қойып, қайнатыңыз аламыз. Шыққан көбікті алыңыз. Тұздап (1 ас қасық шамасында), қара бұрыш пен лавр жапырағын қосыңыз. Кішігірім пияз бен сәбізді аршып, бүтіндей сорпаға қосыңыз. Бастың еті қызарып піскенге дейін жәй отта қайнатыңыз. Табада май қыздырып, пияз бен сәбізді тұрап қуырыңыз. Піскен басты, сәбіз, пияз және лавр жапырақтарын сорпадан сүзіп алыңыз. Сорпа азалса, қайнаған су қосып (тұз мөлшерін тексеріңіз), тұралған картоптарды, томатты және майға қуырылған сәбіз бен пиязды қосып қайнатыңыз. Бастың қызыл етін сүйектен ажыратып, етті қайта сорпаға салыңыз. Аскөкпен қоса сервис жасаңыз. Сорпаны қара нан не болмаса қытырлақ нанмен жеген дәмді. Ас болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz