Нори жапырағымен суши жасау

0
суши жасау, нори жапырағы

суши жасау, нори жапырағыБізге қажет болады:

  • 500 гр күріш
  • нори жапырақтары
  • 2 ас қасық уксус
  • 1 ш.қ. тұз
  • 1 ш.қ. қант
  • ақсерке еті
  • қияр
  • тұрып

Күрішті жақсылап жуыңыз. 30 минутқа жылы суға қойып қойыңыз. Қатты отта бір рет қайнатып, астын толығымен басып 10 минуттай жәй отта пісіріңіз. Піскен күріштің үстін ашпай, 10 минуттай демдеңіз. Уксусқа қант пен тұзды қосып микротолқынды пеште ысытыңыз (уксустың қышқыл иісіне дайын болыңыз). Қант пен тұз толық ерігенге дейін араластырыңыз. Аздап суыған күрішке уксус қоспасын төгіп, тез бір-екі араластырыңыз. Нори жапырағын жалтыр жағын төмен қаратып аған шиге қойыңыз. Күрішті жапырақтың 80%-не бастырып қойыңыз. Төменге жақын ұзынша тұралған ақсерке балығы мен үккіштен не болмаса жұқалап тұралған қияр мен тұрып қойыңыз. Енді ши көмегімен рулеттеп ораңыз. Дайын “таяқшаларды” 1,5 см қалындықта тұрап соя соусымен бірге сервис жасаңыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz