Сүзбе қосылған дәмді бәліш

0
Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе,

Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе,

Бізге қажетті болады:

  1. Сүзбе
  2. Қант
  3. Ванилин ұнтағы
  4. Қатпарлы қамыр:
  • 200 г. — маргарин.
  • 2 стақан — ұн
  • 1/2 стақан — су
  • 1 шәй қасық — қант
  • 1/4 шәй қасық — тұз

Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз.

Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз.

Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз.

Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз.

Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз.

Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз.

Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз.

Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз.

Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!

Асханада болған Айнұр Ракишева

Дереккөз: http://yvision.kz/post/288635

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz