Итальянша тауық етін даярлау

0
Итальянша тауық, тауық ету, тауық пісіру, дәмді тауық, курица, жарить курицу

Итальянша тауық, тауық ету, тауық пісіру, дәмді тауық, курица, жарить курицу

Бізге қажет болады:

  • 1 бүтін тауық, ауырлығы: 2 кг
  • 30 г жібітілген сарымай
  • 3 ст.л. ұнтақталған тәтті паприка
  • 1,5 ч.л. тұз
  • 1,5 ч.л. құрғақ тимьян

Тағамды жасауға кірісейік:

1) Тауықты жақсылап жуып, оны жақсылап қағаз шашықпен сүртеміз. Ішін тұздап, аяқтарын байлаймыз. Сыртын сарымаймен майлап шығамыз.
Тауық

2)Паприканы, тұзды және тимьянды араластырамыз.
Приправалар

3) Тауықтың үстін осы приправалармен жақсылап сеуіп шығамыз (сүртудің қажеті жоқ). Пісіретін ыдысқа саламыз.
Тауық

4) Алдымен духовканы 180 градусқа дейін жылытып аламыз, сонан соң тауықты 30-40 минут ішінде, тауықтың бетіндегі паприка қарайғанына дейін пісіреміз. Сонан соң тауықты фольгамен орап, тағы 1,5 сағатқа пісіруге жібереміз. Дайын болған тауықтың ең қалың жерін пышақпен тессеңіз, түссіз су шығады. Егер тауығыңыздың салмағы аздау 1,5-1,6 кг болса, 20-25 минут аз пісіресіз.

Дайын болған тауықты 10 минуттай бөлме жылулығында суытамыз. Сонан соң оны столға беруге болады.
Дайын тауық
Астарыңыз дәмді болсын!

Дереккөз: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/172.html

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz