Көкөніс қосылған спагетти жасау

1
спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти

спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти

Бізге қажет болады:

  • 5 орта бой картоп
  • 2 пияз
  • 200 гр фарш
  • 1 сабіз
  • 3 татті бұрыш
  • спагетти
  • 100 гр сыр
  • қызанақ
  • 1 стакан су
  • 1 ас қасық томат
  • тұз
  • бұрыш
  • петрушка

Картоп пен сәбізді турап, жарты шики етіп қуырып аламыз. Тұздаңыз. Ет пен сабізді бөлек ыдыста қуырыңыз. Тұздаңыз Ет пісірген ыдысқа жартылай қуырылған картоп пен сәбізді қойыңыз да, үстінен ірі төртбұрыштап туралған тәті бұрыш қойыңыз. Ең соңында қызанақтарды әр жерінен қадап қойыңыз. 1 стакан суга 1 ас қасық томат ерітіп, үстіне құйыңыз. Осының бәрін фольгамен жауып, 180 С духовкада 25 минуттай пісіріңіз.

1 литр тұзды су қайнатып, ішіне спагетти қойып 10 минуттай пісіріңіз. Піскен спагеттиді мұздай суға шайып, майдалап туралған (немесе теркадан өткізілген) сыр қосып араластырыңыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
Айнур

истесендер окнбисиндер кыздар!!!

wpDiscuz