Юфка қамырынан бәліш жасайық

0
юфка, қамыр,бәліш, бәліш жасау, қамыр жасау

юфка, қамыр,бәліш, бәліш жасау, қамыр жасау

  • 2-3 жапырақ юфка
  • 1 жұмыртқа
  • жарты кесе сүт
  • жарты кесе сұйық май
  • 200 гр шамасында фарш
  • 1 пияз
  • тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер
  • тмин

Алдымен пиязды турап жіберіп, фаршпен бірге майға қуырып алыңыз. Тұздап, қалаған дәмдеуіш қосыңыз. Мен қара мен қызыл бұрыш, аздап кептірілген аскөк және 1 ас қасық томат қосып қуырдым.

Орта кесеге бір жұмыртқаны жарып аздап тұзбен араластырыңыз. Ет те тұздалатын болғандықтан өте аз тұз қосыңыз. Негізінен 2 жапырақ юфка үшін жарты жұмыртқа (сарысы не болмаса ағы) да жетіп қалу керек.

Үстінен жарты кесе сүт пен жарты кесе сұйық май қосыңыз. Енді қоспаны араластырыңыз да, пісіретін ыдысты сонымен майлаңыз. Кесе = шәй кесесі, жарты кесе шамамен 100 гр болады.

Майланған ыдысқа юфканың бір жапырағын төсеңіз. Шеттері ыдыстан шығып тұруы керек. Екінші жапырақты суреттегідей бірінші юфканың үстіне ірілеп қолмен үзіп қойыңыз. Бәліштің асты қалыңрақ болсын мақсатымен солай жасаймын.

Енді қуырылған етті қойыңыз. Еттің бәрін қойсаңыз да болады, әр юфканың үстіне аз-аздан ет салып тұрсаңыз да болады. Тіпті бір юфканың үстіне аздап піскен картоп салып, екіншінің үстіне ет қойсаңыз болады.

Ыдыстың шеттеріне шығып тұрған қамырды еттің үстіне орап жабыңыз. Жұмыртқалы қоспаның бәрін  бәліштің үстіне біркелкі етіп төгіңіз. Қалауыңызша үстіне кунжут немесе тмин себіңіз. 200С ыстық духовкада 30-40 минут пісіріңіз.

Бәлішті тұрамас бұрын аздап суытып алған жақсы. Бірақ қатты суытып жібермеңіз. Бұл бәлішті ыстықтай жеген жақсы.  Өйткені ыстық кезде қытырлақ болады. Бәліштің қасына айран жақсы болады.

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz