Корей асханасының тағамы — Кимбап жасау

5
корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы

корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы

Бүгін мен сіздерді корей асханасының танымал тағамы «Кимбаптың» жасалу жолымен таныстырмақпын.

Кимабап дайындау үшін бізге қажет болады:

корей асханасы, Кимбап жасау, дәмді Кимбап, Кимбап жасау жолы

  • Нори жапырақшалары

Піскен күріш, кимбап күріш

  • Піскен күріш

Қияр, сыр, краб таяқшалары, балық, колбаса

  • Қияр, сыр, краб таяқшалары, балық, колбаса т.б.

Кимбаптың бір ыңғайлы жері оның ішіне үйдегі тоңазытқыштан табылатын кез-келген көк-өністер мен балық, колбаса, сыр сынды өзгеде тағамдарды сала беруге болады.

қайнаған күріш, күріш қайнату

Алдымен күрішті жақсылап жуып, үстіне күріштің өзінен сәл асырып су құямыз. Су қайнағанға дейін күріш табаға жабысып қалмауы үшін араластырып тұрған абзал. Су қайнаған кезде отты төмендетіп, бетіне жартылай қиғаш етіп қақпағын жауып қоямыз. 20-25 минуттай тұрғаннан соң күріштің суы тартылады. Дайын күрішті сол ыстық күй нори жапырақшасына саламыз.

піскен күріш

Erke_ky3ден кеңес: Нори жапырақшасына салқындаған күріштен гөрі ыстық күріш салса, кимбапты ораған кезде ол нығыз болып шығады.

Дәмді күріш

Арасына алдын-ала дайындаған қияр, сырларды саламыз.

күріш, сыр

Erke_ky3ден кеңес: Кимбап дайындаған кезде арасында міндетті түрде қияр, редиска сынды өзек салып жіберу керек. Ол дайын кимбапты турауға ыңғайлы болуы үшін.

кимбап суреті, дәмді кимбап

«Кимбап» дайын!

Кимбап және Ерке қыз, Ерке қыз, Кимбап Ерке қыз

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: https://twitter.com/RakishevaA

Отправить ответ

avatar
Arhun

Түүүү! Керемет!

akmaral

Керемет біз үйде жасап көрдік тәтті екен сізге көөөөп рахмет)))

Botazhan

Күрішті күріш пісіретін қазанға пісірсе ыңғайлы,құрғақ әрі ыстық болады.

zhanibek

Базар жоқ! Тез әрі оңай

wpDiscuz