Қаймақ соусы қосылған спагетти жасау

0
кілегей немесе қаймақ, ірімшік пияз, қызанақ ет сәбіз көк тәтті ,бұрыш, дәмдеуіштер, 2 түйір сарымсақ

кілегей немесе қаймақ, ірімшік пияз, қызанақ ет сәбіз көк тәтті ,бұрыш, дәмдеуіштер, 2 түйір сарымсақ

  • спагетти немесе басқа макарон өнімі
  • кілегей немесе қаймақ
  • ірімшік
  • пияз
  • қызанақ
  • ет
  • сәбіз
  • көк тәтті бұрыш
  • дәмдеуіштер
  • 2 түйір сарымсақ

Тұздалған суды отқа қойып қайнатыңыз. Су қайнаған кезде спагетти салып пісіріңіз. 10-15 минут (макарон өніміне байланысты), Осы арада табаға май қыздырып, майдалап туралған пиязды қуырыңыз. Үстінен майдалап туралған ет (немесе фарш) қосыңыз. Көкөкністерді, сарымсақты майдалап турап, бәрін араластырып қуырыңыз. Дәмдеуіштерді және қаймақты сумен араластырып жасалынған соусты қосыңыз да, соус қайнай бастағанға дейін пісіріңіз. Суды төгіп, спагеттиді ыстықтай күйінше зәйтүн майымен араластырыңыз. Қалауыңызша спагеттидің үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп себіңіз. Спагеттидің үстіне ет қоспадан қойып сервис жасаңыз.

aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz