Шие тосабымен бәліш (пирог) жасап көрейік

0
Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті

Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті

Бұл тағамды жасау үшін:

  • 0.5 кг ұн
  • 500 гр маргарин
  • 3-4 жұмыртқа
  • 1 кесе құмшекер
  • тұз, ашытқы, мак
  • 1л сүт
  • шие тосабы

Алдымен ұнға маргарин мен жұмыртқа қосып, илейміз.

Ұн илеу

Әбден езіліп иленгеннен кейін қант, тұз, ашытқыны қосып, жылы сүтпен илейміз.

Ашытқы

Бәрін илеп болған соң, үстін орамалмен жауып, жылы жерге қойып, қамырды ашытып қоямыз. Әр 30 мин сайын немесе әр ашыған сайын қамырды қайта 2-3 рет илеу керек (қамыр жұмсақ болу үшін)

Қамыр ашыды. Жұмсақ, жаюға жақсы болды. Енді қамырдың жартысын кесіп алып, табаға бір келкі қылып жаямыз, үстіне тосап жағамыз.

шие, бәліш

 

Енді оны 30 минутқа көтерілгенінше пеште қалдырамыз.

Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті

Асыңыз дәмді болсын.

Жасалу рецепті: aitaber.kz сайтынан алынды.

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz