Тауық етін пайдаланып мини-шашлык жасайық

0
тауық еті,мини-шашлык, шашлык жасаймыз

тауық еті,мини-шашлык, шашлык жасаймыз

  • тауық төсі
  • майонез
  • кетчуп
  • дәмдеуіштер
  • тұз
  • қалауыңызша көкөністер
  • ағаш таяқшалары

Алдымен майонез бен кетчупты араластырып, ішіне қалаған дәмдеуіштерді қосыңыз. Тауық етін төртбұрыштап тураңыз. Көкөністерді де сондай үлкендікте тураңыз. Мен тек қана көк бұрыш қосқан едім, бірақ қызанақ, жартылай піскен картоп та қосылса болады. Тауық еті мен көкөністерді маринадтаңыз. Минимум 30 минут, максимум 2 сағат. Осы кезде ағаш таяқшаларды суға жібітіп қойсаңыз, духовкаға қойған кезде олардың үсті күймейді. Тауық еті мен көкөністерді ағаш таяқшаларға тізбеліңіз. Пеш табағына фольга төсеп, соның үстіне мини-шашлыктарды тізіңіз. 180С пеште бір жағын 20 минут пісіріп, шашлыкты аударып, тағы 15 минут пісіріңіз. Қасына салат жасалынса жақсы. Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz