Палау жасауды үйренейік

4
Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағам

Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағамПалау жасау үшін:

  • 1-кг сары сәбіз
  • 2-3 бас пияз
  • 1-кг күріш
  • Пісте майы шамалап
  • 250-300 гр қой еті
  • Тұз
  • Зіре дәм беруші
  • Бояу

Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады.

Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын!

Тағы да палауға қатысты рецептерді мына сілтемеден көруге болады: http://szh.kz/33647

Отправить ответ

avatar
Айдана Аманова

бизде атырауда баскаша.шымкентке барганда осындай палауды алгаш коруим.

Курмет

Бояу деген не ол Томатпа))

Ару

Арине бояу дегенин томатко

Мако

Су тартылганда канша минут тартылад

wpDiscuz