Наурыз көже жасаймыз. Ұлттық тағам

1
Ұлттық тағам, наурыз көже, дәмді көже
Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.

Наурыз көже дайындау үшін бізге:

 — Су

Жүгері

 -Сүрленген ет\қазы

 -Жүгері жармасы

— Бидай жармасы

 -Тары жармасы

Айран

 — Айран

Тұз

 -Тұз

Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.

Наурыз көже

Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.

Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.

Сұр ет

Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз.

Наурыз көже

 

Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз.

туралған ет сурет

Дайын етті майдалап тураймыз.

Ет пен сорпа

 

Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз.

Сорпа айран

Салқындаған көженің үстіне айран құямыз.

Наурыз көже

Наурыз көже дайын!

«Наурыз» мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін!

Наурыз көже суреті

Наурыз көженің видео-нұсқасы:

Отправить ответ

avatar
Маржан Есеналиева

Гулжамал апай керісінше біз сиякты жастарга нагыз керек дүние. Мен тұрмыска шыкканыма 5 жыл болды. Биыл ата енемнен болек шыкканбыз. Бұрындары енемнин касында қолғабыс еткенім болмаса өздігімнен көже жасап көрмептім жәнеде аса бір мән бермептім қалай жасалатынына. Осыны оқып алып неше күннен бері ойлана келе бүгін нар тәуекел деп тура жазылгандай жасап көрдім. Алғаш жасап жаткан сон бойымда қорқынышта болды. Бірақ өте дәмді болыпты. Улкен қазанмен тола жасап едім 15 адам арқа-жарқа болып тоя іштік. Бәріне ұнады. Көршілер «Интернеттін көжесі» деп атта қойып жақсы тілектерін айта кетті.
Рахмет көп көп. Енбектеріңіздің жемісін жеңіздер.

wpDiscuz