Саумалдық қосылып жасалған түрікше бәліштер

0
Саумалдық ,түрікше бәліштер.

Саумалдық ,түрікше бәліштер.Бәліш жасау үшін бізге:

  • юфка қамыры
  • саумалдық (жас немесе тоңдырылған)
  • 2 жұмыртқа
  • 2 пияз
  • дәмдеуіштер мен тұз
  • 200 гр брынза (біз cottage cheese қолдандық)
  • 2 ас қасық шамасында сұйық май
  • 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
  • 2 ас қасықтай сүт
  • кунжут керек

Жасалу жолы:

бәліш, жасалу жолы, тағам жасау

  1. Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
  2. Саумалдықты да қатты майда қылмай турау керек.
  3. Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдымен пиязды қуырып алыңыз. Пияздардың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, саумалдықтың көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
  4. Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
  5. Бөлек ыдыста жұмыртқаларды араластырыңыз.
  6. Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе біздің қаймақты қоссаңыз болады.
  7. Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
  8. Сұйық май. Бәрін жақсылап араластырыңыз.
  9. Егер юфка қолданатын болсаңыздар, оның көлемі біз қолданғанымыздан үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
  10. Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
  11. Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасын келтіріңіз.
  12. Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz