Тунец қосылған бәліш жасайық

0
Тунец қосылған, бәліш, дәмді бәліш, бәліс жасау, тунец

Тунец қосылған, бәліш, дәмді бәліш, бәліс жасау, тунец

Бізге қажетті азық-түлік:

  • 1 стақан ұн
  • 1 ас қасық майда қант
  • жарты ш.қ. тұз
  • 100 гр жылы сүт
  • 1 жұмыртқа (сарысы үстіне)
  • 25 гр сары май

(разрыхлитель қосылған ұн қолданбайтындар, жарты ас қасық ашытқыны сүтке қосып алдын ала дайындап қоюы керек)

  • консервіленген тунец
  • 1 ас қасық майонез
  • қара бұрыш пен аздап қызыл бұрыш
  • осыған аздап аскөк қосылса да жарасады.

Қамырды илеп, жылы жерге кем дегенде жарты сағатқа қойып қою керек. Аз-аз қамырдан алып керек бәліш санына қарай домалақтар жасап алыңыз (менде 8 шықты). Енді әрқайсысын ұзынша етіп жұқалап, аяқ жағынан 1 cм шамасында қалдырып ортасынан пышақпен тіліңіз. Бәліштерге жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. Енді жүрек формасын келтіріп, арасына тунец-майонез-аскөк қоспасын қойып шығыңыз. Үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz