«Медовый» торты және жасалу жолы

25
Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар

Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар

Бізге қажетті азық-түлік:

  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант
  • 2 ас қасық бал
  • 100 гр сары май
  • 2 ш.қ. ас содасы
  • 3,5 стакан ұн
  • 200 гр 20% қаймақ

Алдымен жұмыртқаларды, қант пен бал және сары майды араластырып, буға қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Астын өшіріп, сода мен ұнды қосып араластырыңыз да, үстін жауып 45 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз. Енді осы қамырды 5-ке бөліп, әрбір зуаланы жуқалап жайыңыз. Қамыр өте жұқа болатындықтан, мен арнайы қағазға қойып, соның үстінде жайдым. Яғни, қамырды алып әуре болмайсыз, қағазбен бірге противеньге қойып пісіресіз. Осылай 5-ін де пісіріңіз. Енді торт ыдысыңызды теріс төңкеріп, қамырдың шеттерін кесіп, тегістейсіз. Артқан қамырды ұнтақтап дайындап қойыңыз.

220 С духовкада 20 минуттай пісіріңіз.

Крем үшін: қаймақ пен қантты араластырасыз. Торт нанның арасына крем жағып, торт жинайсыз. Үстіне алдын ала дайындалған ұнтақтан (жаңғақпен араластырсаңыз да болады) сеуіп қойыңыз. Тортты қонағыңыз келгенге дейін тоңазытқышқа қойып қойыңыз. 1 түн тұрса жақсы. Болды, осы-ақ. Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
Айымгуль

духовкада неше минут жане де неше градуста писиреди

Мадина

Духофканы 220градуста писиретин болсаныз 2-3 минутта торттыныз писеди бул оте жука камыргой .Негизи 200 градуста писирсениз болады.18-20 минутта писирипжаткан тортыныз жанып кетеди.

Venera

Maidi,baldi,jumirtkani,kantti aralastirip skovorotkaga pisiremiz ba.) jane kamirdi 5 ke bolgende.ar bolikti duxovkaga pisiredi me ?

АяжанАяжан
Бұл тортты мен баяғыдан бері білемін.Анам екеуіміздің жасайтын ең сүйікті тортымыз осы.Жасап көруге кеңес беремін!Өте дәмді болады!!! Бірақ біз кремнін орнына дүкеннен алынған қоюлатылған тәтті сүтті пайдаланамыз.Осылай да жасауға болады.Себебі (қаймақ+қант = сгущенка) екеуі бәрі бірдей . Тағыда рецепті жазғанда мынаны дұрыс ұғынықты етіп жазу керек болатын. Жұмыртқаларды, қант пен бал және сары майды араластырып «водяной баняда» ерітеді.Яғни сковородкаға су ысытамыз және сол сковородка үстіне Жұмыртқаларды, қант пен бал және сары май салынған ыдысты қойып ыстық бумен араластырып ерітеміз.
Zhakipbekova Saltanat

Keremetin-ai! Rasinda damdi bolip shikti. Aiajan sizge kop rahmet, toliktirip jazganinizga. Soz saptauiniz jaksi eken.

Гулжанат

Керемет жазылған коп рахмет жазған адамға!

GULFAIRUZ

медовый торт өте дәмді мен тортарды жақсы корем керемет жеңіздер

Жангул

Торттар рецепті өте жаксы, жазылған.

Тилек

Ммм шыныменде жаксы екен .жасап кору керек екен? Сгущенка коскан жаксы болатын сиякты..,

fatima

keremet ne degen damdy oz kolnmen jasasan odan artk tort bolmas aiajan saGAN kop rakmet osyny jazgan adamga da rakmet astarnz damdy bolsn. bul tortty anam ekeumz jasadk.

Janil Abildaeva

Миндетти турде жасап корем

Алия Сарсенгалиева

Сары майдын орнына маргарин(шедрое лето) қоссам болады ма, рецепти өзгермиді ма?

Динара Коскаликызы

Татти болды

зауре

керемет екен

Ардагер

«Тараз» тортынын рецептиси кимде бар екен алдын ала рахмет!!!

Ардагер

Мен Актобеден Кызылордага конакка барганымда *Тараз* деген торттын дамин унатып калдым ол жакта Тараздан заказбен алдыртамыз. бари Тараз деп атап кеткен деген туру осыган уксайды…

Салтанат

медовый торттын кремин суттпен де истеуге болады гой я
маган бисквит торттардын кремин калай истеу керектигин айтыныздаршы отиниш
Менин жумыртканын агымен кумшерден жасаган кремим дурыс болмайды тагы не косады оган
алдын ала рахмет!

Амина

Керемет екен.!

жазира

Жаксы екен

Балжан

Менде жасаганмын оте дамды

Балжан

Мен бул тортты жедім өте дәмді.Анам маған туған күнімде жасап берген

Еппенп

Гон Крым мултик

Шолпан

Маған бұл торт өте қатты ұнайды. Жасап көргенмін. Рецепті үшін рахмет!

Динара

мен де дəл осындай рецептімен пісіремін. бірақ үнемі тортым қатты болып қалады. қатты болып қалуының себебін кім біледі? несі аз, несі көп дегендей?

wpDiscuz