Риодағы Паралимпиаданың жабылу салтанаты өтті (фото)

Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында Паралимпида 2016 ойындарының жабылу салтанаты өтті. Оған спортшылармен бірге Халықаралық паралимпиада ұйымының президенті, Токионың губернаторы Юрико Коике мен Рионың басшысы Эдуардо Паэс те қатысты. 

Дереккөз: ИТАР-ТАСС
0
Паралимпиаданың жабылу салтанаты
©ИТАР-ТАСС

Қытай құрамасы 107 алтын, 81 күміс, 57 қола медальмен жалпы командалық есепте көш бастап тұр. Екінші орында Ұлыбританияның спортшылары. Олар 64 алтын, 39 күміс және 44 қола жүлдеге қол жеткізсе, украиналықтар 41 алтын, 37 күміс пен 39 қола алып, үштікті аяқтады.

Қазақстан құрамасы 58-орынға аяқ тіреді. Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиадаға Қазақстаннан 11 спортшы қатысқан еді. Олардың екеуі ел қоржынына жүлде салды. Олар Зүлфия Ғабидуллина мен Раушан Қойшыбаева. Зүлфия жүзуден алтын алса, Раушан пауэрлифтингтен күміске қол жеткізді.

Паралимпиаданың жабылу салтанатында спортшылар ирандық велошабандоз Бахман Голбарнежадты бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ол 17 қыркүйек күнгі жарыста апатқа ұшырап, көз жұмған еді.

Келесі Паралимпиада 2020 жылы Токиода өтеді.

©ИТАР-ТАСС
©ИТАР-ТАСС
Паралимпиаданың жабылу салтанаты
©ИТАР-ТАСС
Паралимпиаданың жабылу салтанаты
©ИТАР-ТАСС
Паралимпиаданың жабылу салтанаты
©ИТАР-ТАСС
Паралимпиаданың жабылу салтанаты
©ИТАР-ТАСС

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу