Алматыда Батырхан Шүкеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Batyr.Live” фотокөрмесі өтіп жатыр

Көрмеде әншінің бұрын-соңды ешбір жерде жарияланбаған 100 шақты суреттері қойылған.

0
Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат

Батырхан Шүкеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме әншінің атындағы қордың ұйымдастыруымен Esentai Mall галереясында өтіп жатыр.

Онда қойылған суреттерді таңдаумен, дизайнымен Батырдың досы қазақстандық суретші Нұрлан Төреханов айналысқан.

Көрмеде фотограф Николай Постниковтың авторлық суреттері де қойылған. Ол Батырмен бірге “Джулия” бейнебаянын түсірген кезден бастап, өмірінің соңына дейін жұмыс істеген.

“Бұл жерде бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттер бар. Олардың көбі фотографиялық пленкада болды. Аталған көрмені ұйымдастыру былтырдан бері ойымызда жүрген еді. Биыл жүзеге асты. Бізге қолдау көрсеткен “Самұрық-Қазына” қорына алғысымызды білдіреміз!”- деді Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Көрме 16 қазанға дейін созылады. Кіру тегін. Суреттерді сатып алуға болады. Бағасы 100 доллар көлемінде.

Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат
Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат
Батырхан Шүкеновтың фотолары
©ҚазАқпарат
Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!