Бүгін «Күлегештің» туған күні

Бүгін "смайликтердің" туған күні. Иә, кәдімгі хабарламаларда көңіл-күйімізді білдіру үшін қолданылатын күлегештердің пайда болған күні. Осы ретте олардың қалай пайда болғаны туралы танымдық ақпарат әзірледік.

0
смайлик

Ең алғашқы смайлдар 1982 жылы 19 қыркүйекте қолданысқа енгізілген. Оның авторы ағылшындық ғалым Скотт Эллиот Фалман. Оның смайликтерді ойлап табудағы мақсаты — өзі жұмыс істейтін Карнеги — Меллона университетінің хабарландырулар тақсатындағы жазбалардың қайсы әзіл, қайсы маңызды екенін білдіру болған екен.

19-Sep-82 11:44 Scott E Fahlman 🙂

From: Scott E Fahlman <Fahlman at Cmu-20c>

 I propose that the following character sequence for joke markers:

🙂

Read it sideways. Actually, it is probably more economical to mark things that are NOT jokes, given current trends. For this, use

🙁

Бұл тұңғыш рет смайл қолданылған хат. Оны Скотт Эллиот жазған. Аударатын болсақ: «Әзіл жазбаларды ажырату үшін 🙂 белгісін қолдануды ұсынамын. Қырынан оқылады. Ал кейінгі кездегі экономикалық жағдай әзілге орын қалдырмай отырғандықтан мынандайды қолданыңыз 🙁 «,-деп жазылған. Бұл хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылған.

Қазіргі таңда смайлды қолдану кең тарап кетені соншалықты, олардың 100-ден астам түрі бар екен. Көп қолданылатыны — классикалық смайлдар. Ерекшелігі қырынан оқылуында. Бұл эмотикондар адамның эмоциясын, мимикасын,ымдауын, әрекеттері мен жағдайын, сонымен қатар әртүрлі персонаждарды білдіреді. Төменде классикалық смайлдардың бірнеше үлгісін көрсеттік.

Эмоционалдық күлегештер
Жазылуы Эмоция немесе жағдай
 🙂
=)
🙂
күлімсірегендік, қуаныш
 🙁
=(
{=»-(
мұң, қайғы
😐 ойға түскендік немесе бейтараптылық
 😀
😀
күлкі
*О*
*_*
**
тамсанғандық
XD
xD
көзді жұмып күлгендік
 :-C
:C
қатты қамыққандық, қынжылыс
 :-/
:-\
наразылық, абдыраушылық немесе реніш
 :-0
:O
O:
таңқалыс (ашық ауыз)
о_О
oO
o.O
таңқалыс
 :-e көңілдің қайтқаны
😯
=-O
қатты таңқалыс (ашылған ауыз, бақырайған көздер)
 :-[ ] қатты таңқалыс (салбырап қалған жақ)
 :-[ абыржығандық, ұялғандық
 %0 жөн-жосықтан айырылғандық
>:-D табалаушы күлкі
}:->
]:->
арам, зымиян күлімдеушілік
 :’-)
:’-D
қатты күлкі, шегі қатып күлу
D-: ашу, ыза
Әрекеттер
Жазылуы Әрекет
 😉
😉
көз қысу
 :-Q темекі тарту
 😛
:-p
:-Ъ
тіл шығару
 :-* сүю
{} құшақтау
 :} ынтықпен, құштарлылықпен сүю
 :_(
:~(
:'(
:*(
жылау
 :-@ бақыру, айғайлау
 :-X сыр білдірмеу, үн қатпау
 :-! жеркену, лоқсу
Персонаждар
Жазылуы Персонаж
😎
B-)
көзілдірікті кісі
O:-) періште
 %) жынды, есі ауысқан
 :-E вампир
 :-F бір азу тіссіз вампир
 ::-) мутант
[:] робот
-=<:-) сиқыршы
о-)
О-)
циклоп
 :-][ бассүйек
 😕 түтік тартып жатқан кісі
Э:-)
3:-)
елік, марал
*:O) клоун, қылжақбас
 :*) мас немесе ұялғаннан қызарған
Басқалар
Жазылуы Сипаттамасы
<3 жүрек
@>—
@}~>~~@-‘-,’-,—
гүл, раушан
[:|||:]
[:]/\/\/\[:]
[:]|||[:]
баян
(.)(.) әйел омырауы
>(///)< кәмпит

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу