Нью-Йорк мэрі 17 қыркүйектегі жарылысты “ұйымдастырылған әрекет” деп атады

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио 17 қыркүйекте Манхэттен аралығының орталығындағы Челси ауданында қолдан жасалған жарылғыштың жарылуын "ұйымдастырылған әрекет" деп атады. Жарылыстан 29 адам жараланды, оның бірі ауыр халде жатыр. Де Блазио оқиғаны теракт деп атаудан бас тартты.

0
Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио

Жарылыстан соң мамандар оқиға орнына жақын маңнан күдікті зат тауып алған, қазір оны зерттеп жатыр. Де Блазионың мәлімдеуінше, “әзірге террорлық шабуылдың ізі білінбейді”.

Тергеушілердің бірінің Associated Press агенттігіне хабарлауынша, оқиға орнынан мобильдік телефонмен сым арқылы жалғанған жылдам қайнатқыш табылған. Осы тәріздес қолдан жасалған жарылғыш 2013 жылы Бостондағы марафон кезінде ұолданылған еді. Сарапшы Челсидегі жарылыстың Нью-Джерсиде құбырдың жарылуына байланысты еместігін айтты. Нью-Джерсидегі оқиға да 17 қыркүйекте мыңдаған адам қатысқан қайырымдылық марафоны кезінде тіркелді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!