Владимир Путин парламент сайлауының нәтижелерімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин елдегі парламент сайлауының нәтижелерімен құттықтады. Соңғы мәлімет бойынша, сайлауда билік басындағы "Единая Россия" партиясы алда келеді.

0
Владимир Путин

Мемлекет басшысы сайлаудың алдын ала мәліметтерін сенім вотумы деп атады.

Путин Ресейдегі экономикалық мәселелерді тілге тиек етіп, депутаттар “әрдайым халықтың көңілінен шықпаса да”, олар “бүкпесіз жұмыс істеп келеді” деп мәлімдеді. “Жағдайдың оңай еместігін халық түсінеді, бірақ олар саяси жағдай тұрақтанады деп үміттенеді”, – деді Путин.

Бюллетендердің 15 пайызын есептегенде шыққан нәтиже бойынша, “Единая Россия” парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие болды – 50 пайыз. Тағы үш партия Мемлекеттік Думадағы орнын сақтап қалды: екінші орында – Либерал-демократиялық партиясы, одан кейін коммунистер және “Справедливая Россия” партиялары орналасты.

Сайлау барысында заң бұзушылықтар болғаны туралы “Яблоко”, ПАРНАС, РФКП партиялары және “Голос” сайлаушылардың құқығын қорғау қоғамдық қозғалысының бақылаушылары мәлімдеді. ІІМ Ростов облысындағы сайлау учаскелерінде бірнеше сайлау бюллетенін жәшікке тастау фактілерін тіркеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!