Қазақстанда әрбір бесінші бала Оңтүстікте өмірге келеді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың сегіз айында 53 051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем.

Дереккөз: Отырар
0
Бесікке салу ана әже сәби

Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Материалдық-техникалық жабдықталуы да анағұрлым жақсарған.

Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді. Еске салайық, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52 636 сәби туған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу