Алмалы аудандық ІІБ шабуыл жасаған Руслан Күлекбаевтің қамалу мерзімі ұзартылды

Алматыда орын алған лаңкестік оқиға бойынша күдікті Руслан Күлекбаевтің қамалу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алмалы аудандық сот өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

Дереккөз: Today.kz
1
Руслан Күлекбаев

Бес адамды өлтіріп, 8 адамды жарақаттаған Руслан Күлекбаевты тұтқындау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматыда Алмалы аудандық сотында хабарланды.

«Тұтқындау мерзімі үшінші айға, 18 қазанға дейін ұзартылды», — делінген сотта.

Еске салсақ, 18 шілдеде сағат 11.00-де Алматыдағы Алмалы ауданы ІІБ ғимаратына шабуыл жасалды. Полицейді жарақаттап, қаруын иеленген ол оқиға орнынан қашып кетті.

Қаланың ІІД ақпаратына сәйкес ол қаланың бірнеше орындарында атыс ұйымдастырған. Кейіннен «Қазақконцерт» АҚ маңында  ұсталды. Атыс салдарынан 5 адам қаза тапты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 269-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Қаланың ІІД деректеріне сәйкес Күлекбаев қару қолдана отырып, тонау, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстарына қатысқан.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. оданша омир бакига турмеде устамаима ертен болып коят 18 казан.сосын тагы бастаит теролист

Пікір қосу