Астанада Геннадий Головкиннің қатысуымен кәсіби бокс кеші өтеді

Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО көрмесі барысында Геннадий Головкин мен Майк Тайсон, т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бокс кешін өткізу жоспарланды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Дереккөз: Bnews.kz
0
Майк Тайсон Геннадий Головкин

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бок федерациясы» қоғамдық бірлестік, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында кәсіби бокс саласында ынтымақтастық туралы бес тарапты меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде World Boxing Council 55 мерейтойлық конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бокс кешін Астанада өтетін ЭКСПОкөрмесі барысында өткізуді жоспарлап отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу