Дариға Назарбаева педофилдерге өлім жазасын қолдайтынын айтты

Дегенмен, ҚР Президентінің үлкен қызы - Сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы дәл қазір мұндай жазаны заңға қайта енгізудің мүмкіндігі өте төмен екенін мәлімдеп отыр. Дереккөз: SN.KZ

5
Дариға Назарбаева

Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық міндеттемелері өлім жазасына енгізілген мораториды алып тастауға кедергі болады екен. Ал, ана ретінде Дариға Назарбаеваның өзі педофилдердің өлім жазасына кесілуін қос қолдап қолдайтынын айтты.

«Мен ана ретінде өлім жазасын қос қолдап қолдаймын. Біз өз еркімізбен шешім қабылдай алмаймыз. Халықаралық міндеттемелер бар. Сол үшін біз бұндай заңды қабылдай алмауымыз әбден мүмкін», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ сенатор педофилдерді мектеп ауласында және жасөспірімдер жүретін жерлерге заңмен жолатпау керектігін атап өтті.

«Біз бәріміз анамыз. Балалардың зорланып жатқанын естіп, бәріміз де уайымға берілеміз. Олардың туған-туыстарының да қандай күйде болатынын жақсы түсінеміз. Педофилдердің санасы сау емес. Оны медицина дәлелдеген. Түрмеден шыққан соң олар мемлекеттің қаржысынан емделеді», – дейді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың пленарлық отырысында Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. Қолынан келетін адам заңға сүйеніп сылтауратпай педофилдер туралы шешімін заңға қалайда енгізу керек. Осылайша халыққа шын жаны ашитынын дәлелдеу керек!

  2. “Сондай-ақ сенатор педофилдерді мектеп ауласында және жасөспірімдер жүретін жерлерге заңмен жолатпау керектігін атап өтті,”-сонда мектеп жанынан өтіп бара жатқан адамның үстінде педофил деген стрелка тұра ма, қайдан біледі кімнің педофил, кімнің педофил емес екендігін?!
    Педофилдерді тек өлім жазасымен тоқтату керек, оларға түрмеде су мен ас ысырап, оларды емдеуге мемлекет қаржысы – шығын, одан да жетім-жесірлерге жұмсайық сол ақшаны!

  3. біздің елдің заңы сонша әлсіз себепті бұндай жағдайлар ешқашан тыйылмайды.мыңжерден емделседе олар сол әдеттерін қоймайды.егерде бір көше ортасында дүйүм жұрттың алдында педофилді екі қолын керіп қойып бүкіл аналар болып тас жаудырып өлтірсе мүмкін педофилдер қорқатын шығар.түрмеге бір кіріп бір шығып олар үйреніпте алған шығар.оларға бұл жаза аз ана ретінде періштедей сәбилерге зорлық зомбылық түгілі көз салған еркек аты бар бірақ соған лайық емес мал хайуаннанда төмен күндері бишараларды не жаза қолдансада аздық етеді.оларды атып тастауда ең жеңіл жаза кишкентай сабиді қалай қинаса,ол малдарды мың есе қинап кескілеп өлтірер едім.

Пікір қосу