Батыс Қазақстанда коммуналды төлемдер қымбаттайды

Батыс Қазақстан облысының электр энергиясын және су жеткізуші компаниялары қызмет көрсету тарифтерін қымбаттататынын мәлімдеді. Дереккөз: Сentralasian.org

0
су бағасы

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс-Қазақстан облыстық департаменті монополистердің өтінішін мақұлдаған. Бұл жөнінде брифингте аталған департаменттің басшысы Уәлихан Разов мәлімдеген.

Онда электрэнергия тарифінің 10,6 пайызға, жылу 34 және су тарифі 31 пайызға қымбаттайтыны айтылған.

Уәлихан Разовтың есебі бойынша, 32 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерге 8 мың теңге төлеп келсе, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап 10 мың теңге төлейтін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!