Шетелдіктерді тамсандарған қазақ әндерінің үздік бестігі

Өткен ғасырда этнограф Александр Затаевич 1000-ға жуық қазақтың "інжу-маржан әндерін" жинақтаған. Өнердің биік шыңына шыға білген қазақ халқының әндері қазіргі таңда да әлемді тамсандырып келеді. Бүгінгі материалда Сұрақ-Жауап сайты шетелдік тыңдармандар жоғары бағалаған қазақ әндерінің үздік бестігін ұсынады.

6
Димаш Құдайбергенов

«Балқадиша» әні

Париж 19251925 жылы Парижде өтетін Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетсін деп, Сталин өз атынан Әміре Қашаубаевқа екі рет хат жолдаған. Көрмеде кезінде қазақ әншісі Ақан Серінің туындысы «Балқадишаны» әлем жұртшылығына тыңдатып, таңдай қақтырғызады. Бүгінде  Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әні «Астана ЭКСПО-2017» лейтмотивтерінде жиі қолданылып келеді.

«Дайдидау» әні

Димаш Құдайбергенов«Дайдидау» — шетелге танымал қазақ әндерінің бірі. Әнші Димаш Құдайбергенов Түркияда өткен «Turkvision-2015» байқауында көрермендердің «Дайдидауды» өзімен қосылап айтқанын жеткізген болатын. Биылғы жылы Димаштың орындауындағы халық әні әлемдік радио жүйесіне енгізілді.

«Дудар-ай» әні

Тасқын Дудар-ай2013 жылы «Voice of China» байқауында Тасқын есімді қазақ жігіті «Дударай» әнін орындайды. Байқау кезінде қазақ әнін тыңдаған қытай жұртшылығы тебіреніп, көз жастарына ерік берген еді.

«Гүлістан Қазақстаным» әні

Жюри«Новая волна-2013»  байқауында қарағандылық әнші Adam-ның орындауындағы «Гүлістан Қазақстаным» байқаудың үздік әндері қатарына енген. Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің сөзіне жазылған Құрмаш Махановтың әні байқау кезінде әділқазылардың жоғары бағасын иеленді.

«Мен Қазақпын» әні

Ерболат ҚұдайбергеновАқиық ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» өлеңін қазіргі заманғы RnB стиліне лайықтап, Ерболат Құдайбергенов орындаған еді. Көп ұзамай ән шетелдерді шарлап, леуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдерінің «Мен – қазақпын» деп шырқаған видеолары көптеп таралды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Димаш бауырым жарайсын! Сен сиякты биртуар улы бар казак ели неткен бакытты. Аркез асыгын алшысынан туссин! юз

  2. Маган Димаш Кудаибергеновтын орында ғаны унаиды жарайсыз тек кана алга сизге сәттілік тилимн

  3. Демаш əлі талай мемлекетті өзінің орындау шеберлігімен таң қалдырып, таңдай қақтыратынына сенеміз. Димаш тума талант. Димашқа тек сəттілік тілеймін.

  4. Талабың нұр жаусын Димаш балам, саған тек творчествалық табыс пен денсаулық тілеймін

Пікір қосу