Дариға Назарбаева Сенатта қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқаратын болды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінде Дариға Назарбаева Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Baq.kz. Дереккөз: Baq.kz

1
Дариға Назарбаева

«Біз бәріміз білеміз, бұл кісінің бұл салада тәжірибесі мол. Сондықтан талқылаудың қажеті жоқ шығар», – деді Қ. Тоқабаев.

Айта кетейік, өткен аптада Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметіне ауысқан болатын.

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!