Атырау өңірі сегіз айда 2 трлн 566 млрд теңгенің өнімін шығарды

Сезіз ай ішінде Атырау облысы 2 трлн 566 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімін шығарды. Алдағы уақытта Қашаған жобасы да іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев мәлімдеді, деп xабарлайды Bnews.kz тілшісі.

0
Қашаған

Атырау облысының әкімінің орынбасары Қашаған жобасының қашан жүзеге асырылатынын хабарлады.

«Біз Қашаған жобасының іске қосылуын күтіп отырмыз. Бұл жобаны осы жылдың қазан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз», — дейді Әлібек Нәутиев.

Нәтиевтің айтуынша, Атырау облысы алдағы жылы апатты мектептерден толығымен құтылады.

«Облыста шешімеген мәселелер бар. Оның ішінде апатты жағдайдағы мектептерді айтуға болады. Бізде апатты 6 білім ошағы бар. Оның бесеуінің құрылысы басталды, ал үшеуінің құрылысы биыл аяқталады. Алтыншы мектептің құрылысы осы жылы басталады. 2017 жылдың аяғына дейін апатты мектептерден толығымен құтыламыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары өңірде оқушылардың оқулықпен және ыстық тамақпен қалай қамтамасыз етіліп жатқандығына тоқталды.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу