ҚМДБ: Астанада Құрбан айтта 28 тонна ет таратылды

Астанада Қасиетті Құрбан айтта 28 тонна құрбандық еті таратылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды, дейді ҚазАқпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Құрбан айт Ораза

«Биыл Астана әкімдігі құрбандық шалу үшін арнайы 8 нысан бекітті. Осы орындарда сегіз мешіттің қызметкерлері мен медресе ұстаздары, шәкірттері және «Зекет» қоры өкілдері қызмет етті. Аталмыш орындарда құрбандық шалу рәсімінің шариғат талабына сай өтуі жіті қадағаланып, құрбандық еттері қабылданды. Қасиетті Құрбан айтта «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық шарасы аясында  3582 отбасына және 40-қа жуық қорлар мен мекемелерге 28 тонна құрбандық еті таратылды»,-деп атап өтілген баспасөз қызметі мәліметінде.

 «Нұр Астана» орталық мешітінде қаладағы қарттар үйінің 50 тұрғынына арнайы дастарқан жайылып, «Астана филармониясы» әншілерінің қатысуымен өткен концерт көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Сонымен қатар, Астана қаласындағы қарттар үйінде «Қарттарым — асыл қазынам» атты кездесу ұйымдастырылып,  қарияларға мерекелік дастарқан жайылды. Мешіт имамдары Астана қаласындағы 166/22 және 166/10 еңбекпен түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесіп,  айттық дастарқан жасалып, құрбандық еттері таратылды. Мереке күндері дін қызметкерлері №1 қалалық ауруханадағы емделушілерге де арнайы барып, айттық сый-сияпат жасады», — делінген хабарламада.

Еліміздің астанасында Құрбан айт мерекесінің дәстүрлі игі шарасына айналған «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық акциясы барысында 104 ірі қара мал құрбандыққа шалынды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу