Головкин мен Канело 2017 жылы кездесетін болды

Головкин орта салмақта WBC белбеуін Альварес иемденген кезде онымен кездесуге міндетті үміткер болған еді. Ал биыл мамыр айында Әмір Ханды жеңген "Канело" рингсайдта тұрып, Головкинды жекпе-жекке шақырған еді. Дереккөз: vesti.kz

2
Геннадий Головкин Сауль Альварес

Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя  Геннадий Головкинмен кездесуінің қашан өтетінін айтты.

Промоутердің пікірінше, “Канело” орта салмақта жұдырықтасуға дайын болғанда ғана қазақстандықпен қолғап түйістіреді екен. “Адамдар Головкин – “Канело” жекпе-жегін сұрап жатыр. Пакьяо – Мэйвезер кездесуін олар 8 жыл бойы күткен. Жекпе-жек келесі жылы өтеді, біз сол кезде дайын боламыз. “Канело” 154 фунтта жұдырықтасады, ал Голоовкин 160 фунтта. “Канело” орта салмақта жұдырықтасуға дайын болғанда біз осы жекпе-жекті ұйымдастырамыз”, – деді Оскар Де Ла Хойя.

Еске салайық, Головкин орта салмақта WBC белбеуін Альварес иемденген кезде онымен кездесуге міндетті үміткер болған еді. Ал биыл мамыр айында Әмір Ханды жеңген “Канело” рингсайдта тұрып, Головкинды жекпе-жекке шақырған еді. Алайда бірнеше күннен кейін мексикалық жұрт күтпеген мәлімдеме жасады – ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартып, белбеу Головкинге өткен еді.

17 қыркүйекте Альварес WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы ағылшын боксшысы Лиам Смитпен кездесу өткізеді.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

  1. Гена батыр тек қана алға! Қазақстан сенімен бірге. Борат деп жүргендерге қазақтардың қандай екендігін көрсетші. Тілектес ағаң Әубәкір.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!